Оқиға
Діни ағым өкілі: Алматыда ер адам әуежай қызметкерін бауыздап өлтірмек болған

Бүгін халықаралық Алматы әуежайының ұшу алдындағы тексеру аймағында болған оқиғаға қатысты полицейлер түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 11: 45-те ішкі рейстер (Т1) терминалында ұшу алдындағы тексеру аймағына жолаушы ретінде деструктивті адам келген. ХАӘ авиациялық қауіпсіздік қызметінің тексеру қызметкерлері ер адамнан құжаттарын көрсетуін сұраған, ал ол оған жауап ретінде тексеру қызметкерін шашынан ұстап алып, пышақпен қорқыта бастаған.
7 минуттан кейін ер адамды әуежай аумағындағы желілік полиция бөлімінің (ЖПБ) қызметкерлері және ХАӘ АҚҚ қызметкерлері қарусыздандырды. Қазіргі уақытта ол ЖПБ-де және бұл инцидентпен құқық қорғау органдарының қызметкерлері айналысып жатыр.
Фото: видеодан скриншот