Саясат

Тоқаев бүгін қандай кездесулер өткізеді?

Бүгін мемлекет басшысының жұмыс кестесінде бірқатар кездесу жоспарланған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасына сәлтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін арнайы келген ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесу өткізеді. Кездесуде ЕҚЫҰ мен Қазақстанның серіктестігін нығайту перспективалары талқыланады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені қабылдайды. Кездесу барысында білім, ғылым, мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылады. Былтыр Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына 30 жыл толды.

Бұдан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни бастаған делегациямен кездеседі. Тараптар сауда-экономика, инвестиция салаларындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі кеңейту мәселелерін талқылайды.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button