Әр түрлі

«Жаңбыр, бұршақ жауады»: Алдағы екі күнде ауа райы қандай болады?

Қазақстандық синоптиктер 2023 жылдың 8-10 маусымында қандай ауа райы күтілетінін айтты. Болжамға сәйкес, республикада аптап ыстықтың біртіндеп төмендеуі, сондай-ақ қатты жаңбыр, бұршақ жаууы және шаңды дауыл күтілуде, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, күндіз өте қатты аптап ыстық 8 маусымда шығыста, 8-9 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында +41°С-қа дейін сақталады.

8-9 маусымда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста +20+28°С дейін аптап ыстықтың біртіндеп төмендеуі күтіледі, — делінген хабарламада.

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, 9 маусымда солтүстікте, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауып, бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 8 маусымда Қазақстанның оңтүстік-шығысында +41°С, оңтүстігінде +46°С дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Фото: pixabay.com

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button