Қоғам

Бауыржан Ибрагимов Болат Назарбаевтың ауырып жатқанына сенбейтінін айтты (ВИДЕО)

Танымал сатира актері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бауыржан Ибрагимов кәсіпкер Болат Назарбаевтың ауырып жатқанына сенбейтінін айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы әртіс журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді» YouTube-арнасында айтты.

Көп болды хабарласпағаныма (Болат Назарбаевқа-еск.). Мен көп нәрсеге сене беретін жастан өтіп кеткенмін. Сенетін кезеңдер болады. Жас келген сайын ақыл тоқтатқан кезде мен көп нәрсеге сене бермеймін. Сондай жағдайда жүрген, сондай дүниесі бар адам ауыра қойды дегенге сене бермеймін, — дейді әртіс.

«Демек, арбада отыруы, аяқасты мақау болып қалуына сенбейсіз бе?» — деп нақтылады журналист.

Сенбеймін. Дені сау, жақсы жүрген жігіт қой. Артықтық болмасын, көзбен көрмегеннен кейін пәлен деуге болмайды. Мүмкін, ауру да шығар. Бірақ мен сенбеймін. Өз ойым, — дейді Бауыржан Ибрагимов.

Айта кетейік, былтыр 22 шілдеде Болат Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпарат тараған болатын. «Салиқалы ұрпақ» қорының директоры Қасым Қасабековтің сөзінше, Болат Назарбаев тұрақты ауыр жағдайда болған. Сонымен қатар 2015 жылдан бері онкологиялық аурудан емделіп жатқаны белгілі болды.

Оған дейін БАҚ-та Болат Назарбаевтың фотосы мен видеосы жарияланған. Дереккөзге сілтеме жасалған мәліметте дәрігерлер Болат Назарбаевтың жағдайын ауыр, тіпті өте ауыр деп бағалағаны айтылған.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button