Қоғам

Мәжілісте есірткі тұтынғандар үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастау ұсынылды

Мәжіліс депутаттары есірткі қолданғандар үшін қылмыстық жазаны алып тастап, тек әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсынды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Депутаттар мұның бәрі есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрестің тиімділігін арттыратынына сенімді.

ҚК-нің 296-бабының 1-бөлігі «Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдары, психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу» бабын әкімшілік юрисдикцияға көшіру ұсынылады. Бірақ қоғамдық орында қолғандарға қылмыстық жауапкершілік қалсын, – деді  Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.

ІІМ өкілдерінің айтуынша, бұл бастама полицияның жұмысын жеңілдету әрекеті үшін айтылып жатқан жоқ. Бірінші кезекте бұл шара халықтың есірткіге тәуелділік деңгейін нақты анықтауға мүмкіндік береді дейді.

Ең алдымен, бұл қоғамдық орындарда есірткіні медициналық емес тұтынуға қатысты қарастырылуда. Бүгінде мұндай құқық бұзушылықтардың саны екі есеге қысқарды. Сонымен қатар есірткі тұтынушылар азайған жоқ, олардың барлығы есірткіні үйде және қоғамдық емес басқа жерлерде қолдануды жөн көреді, – деп мәлімдеді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Қажы-Ғали Имажанов.

Фото: Алина Алымкулова

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button