Денсаулық
Балалар арасында қызылша ауруы тарап жатыр – ДСМ

Қазақстанда 2025 жылдың басынан бері қызылшаның 273 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Оның ішінде қаңтар айында 168 жағдай анықталды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 98,2%-ға төмендегенін білдіреді. Соңғы аптада қызылшамен ауырған 59 жағдай тіркелді, — делінген хабарламада.
Осы жылдың басынан бері көкжөтелдің 104 жағдайы тіркелді, оның ішінде қаңтарда 69 жағдай тіркелді, бұл аурушаңдық көрсеткішінің 49%-ға төмендегенін көрсетеді. Өткен аптада көкжөтелдің 18 жағдайы тіркелді.
Қызылшамен және көкжөтелмен ауыратындардың көпшілігі вакцинацияланбаған балалар арасында кездеседі.
Фото: freepik.com