Саясат
Тоқаев Аружан Саинды қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Аружан Саин ( 1976 жылы 10 тамызда туған, Қызылорда, Қазақстан) — Қоғам қайраткері, тележүргізуші, актриса, продюсер, қайырымдылық қоғамының директоры. 2019 жылдың 18 шілдесінен бастап – Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Оның орнына бұл қызметке Динара Зәкиева тағайындалды.
Фото: Amanat партиясы баспасөз қызметі