Қоғам
«Жалақысы 72 мың теңге»: «Семей орманы» резерватына орманшылар қажет деген ақпарат тарады
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына орманшы қажет. Мардымсыз жалақы ұсынған бос жұмыс орны qyzmet.kz сайтында пайда болды деген ақпарат БАҚ-та тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Орманшылардың жалақысы 72-81 мың теңге аралығында екен. Толық жұмыс күні үшін осындай ақы төленеді. Бос жұмыс орнының скрині сақталған.
Орманшылардан табиғи кешендерді күзету және қалпына келтіру, өрттің алдын алу, жол бермеу, заңнамалық актілердің сақталуын бақылау, жауапкершілік сынды міндеттер талап етіледі.
Алайда qyzmet.kz сайтынан біз мұндай ақпаратты таппадық. Шамасы, хабарлама өшірілсе керек.
Фото: ШҚО ТЖД