Qazaq-тың ақшасы

Жетісу облысының әкімдігі киіз үйді 13 млн теңгеге сатып алмақ болған

Жетісу облысының Cпорт және дене шынықтыру басқармасы киіз үйді 13 миллион теңгеге сатып алмақшы болған. Оның негізгі нақты құны — 4,5 млн теңге, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Біз асыра сілтенген бағаларға ғана мониторинг жүргізіп қана қоймай, сонымен қатар «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының сақталу заңдылығын да бақылап отырамыз. Жыл басынан бері «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалымен бірлесіп өткізілген мемлекеттік сатып алулар бойынша бірқатар заң бұзушылықтар анықталды. Тек бір жерден негізсіз шарт жасасудың 70 фактісі анықталды, — деді облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Мақсат Жебегенов.

Жалпы, мониторингтің арқасында жыл басынан бері жергілікті бюджеттің 616 миллион теңгесін үнемдеуге мүмкіндік туды.

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу қағидаларын бұзғаны үшін мемлекеттік мекемелердің бірқатар басшыларына жалпы сомасы 10 миллион теңгені құрайтын 50 айыппұл салынды.

Фото: jas.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button