«Президент болғым келеді…»: Жигули Дайрабаев сайлаушылардан ауыр сөздер естіген (ВИДЕО)
Парламент Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев 2022 жылғы Президент сайлауы кезінде сайлаушылармен кездесуде түрлі ауыр сөздер естіп, халық тарапынан өзіне деген сенімсіздікті байқаған. Бұл туралы ол Abay LIVE Youtube арнасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Kznews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқи отырыңыз: Жигули Дайрабаевтың ұлдары ер адамды құлдықта ұстаған
«Бұл адамды танымаймын»: Дайрабаев ұлдары әлдекімді құлдықта ұстады деген ақпартқа пікір білдірді
Маған «сен екінші Әміржан Қосановсың ба?» деген сұрақ көп қойылды. Халықпен кездесуді сайлау науқанында туған ауылымнан бастадым. Сонда ең жақын ағам, әкемнің Әмірқұл деген інісі төрт жүз адам жиналған залда «Сен бізді Қосанов сияқты жерге қаратпайсың ба? Елге шыныңды айт, қойылымға қатысып жүрсің ба?» деп айтып тастады. «Мен шынымен түсіп жатырмын, қолдаңыздар. Мен халық үшін қызмет етем, халықтың азаматымын. Сіздердің араларыңызда жүретін қарапайым президент болғым келеді, елдің мүддесін қорғаймын. Реформа жасаймыз» дедім, — деп еске алды Дайрабаев.
Ол сайлауға шын жүрегімен сенгенін айтады.
Кейбіреулер жаныңды жейтін сауалдар қояды. «Сен менің жанымды жемеші, онсыз да өз жанымды жеп жүрмін. Бермесең дауысыңды бермей-ақ қой. Бірақ зығырданымды қайнатпа» деп те айтқаным бар. Ондай сөзді тыңдап тұру ауыр тиеді екен, — деп еске алды депутат.
Тағы оқыңыз: «Зиян келтірмейді»: Мәжіліс төрағасы ұлдары сотталған Дайрабаев жайлы айтты
Даудың басы – Дайрабайдың Жигулиі: Оның отставкасын талап еткен петиция жарияланды
Айтпақшы, ол Абай Сейфулланың «Сізге сайлауға қатысқаныңызға ақша берді ме немесе депутат болғаныңыз кандидаттығыңызға тартылған сый ма?» деген сұрағына бәрі өз қалауымен болғанын, депутаттық партияның ұсынысы екенін айтып жауап берді.
Фото: kazpravda.kz