Қоғам
ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты іс қозғау жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Министр Марат Ахметжанов құқық қорғау органдары Абай облысындағы өртке байланысты жауапты тұлғаларға тексеріс жүргізетінін айтты.
Президент Бас прокурорға тапсырма берді, соның аясында тексеру жүргізілетін болады. Өрт фактісі – бұл төтенше жағдай, қаза тапқан адамдар бар, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады. Неліктен уақытылы шара қолданбады, мүмкін немқұрайлылық, қызметтік міндеттерін орындамау да бар шығар, — деді министр.
Фото: ТЖМ