Қоғам
Астанада жалған PhD дипломдарына қатысты қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр
2022 жылы қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жалған PhD дипломдарын беру фактілері бойынша тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Бұл туралы ҚазТАГ жазды.
Қылмыстық істің қозғалғанына бір жылдан астам уақыт өтсе де, тергеу жұмыстары әлі жүріп жатыр.
Ресми бланкідегі мөр қойылған құжаттарды білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті берген. Жалған диплом басып шығаратын жекеменшік оқу орындарымен күресуге де дәл осы мемлекеттік орган жауапты. Алайда тергеп-тексеру амалдары «елдегі білім сапасын қадағалайтындардың іс жүзінде саудамен айналысатынын» көрсеткен.
Тергеп-тексеру амалдары аяқталғаннан кейін қылмыстық іс Астанадағы Есіл аудандық прокуратурасында қаралады.
Фото: дереккөз