Қарағандыда мектеп оқушылары сыныптасын жабылып соққыға жыққан
Қарағандыдағы мектептердің бірінің оқушылары сыныптасын соққыға жыққан. Бұл факт бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кәмелетке толмаған баланың аяусыз соққыға жығылғаны туралы ақпаратты Nemolchi.kz қоғамдық қоры Instagram-парақшасында жариялады. Жазбада мектеп емтиханынан кейін қатарластары кәмелетке толмаған балаға шабуыл жасағаны айтылған.
Менің ұлым, 9-сынып оқушысы, үйге қайтып келе жатқанда, оның төрт сыныптасы ұлымды ЗМК зауыты артына сүйреп апарып, сол жерде соққыға жығып, баламды қорлап, таяқпен ұрып, бетінен теуіп, түкіріп, үстіне темекі тұқылын басқан. Қазір ұлым ауруханада. Мен арыз жаздым, — деп қордағылар зардап шеккен баланың анасының сөзін келтіреді.
Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі зардап шеккен баланың анасы әлі полицияға арыз жазбағанын хабарлады.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті осы жарияланым бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл ретте осыған дейін бұл факт бойынша ешкім арызданбағанын хабарлаймыз», — деді ПД өкілдері.
Фото: aikyn.kz