Қоғам

Тараз әкімінің экс-орынбасары Грузиядан экстрадицияланды

Бас прокуратура Грузиядан Тараз әкімінің бұрынғы орынбасары Қайсар Сарытай экстрадицияланғанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Грузияның әділет министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн. тенгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды, – делінген хабарламада.

Күдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.

Күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанға жеткізілді.  Қазіргі уақытта, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button