Qazaq-тың ақшасы

«Кәсіпкерден пара алған»: Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды

Павлодар қаласы әкімінің орынбасары қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

15 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Павлодар қаласы әкімінің орынбасары А.С. Қалияқбаровты ұстады.

Ол жолдарды жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу шарты бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді. Ақшаны алғаннан кейін А.С. Қалияқбаров қылмыс үстінде ұсталып, Павлодар қалалық Полиция басқармасының Уақытша ұстау изоляторына қамалды, — делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес  өзге ақпарат жарияланбайды.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button