Аймақ

Алматы облысының тұрғындарына су 50% қымбатқа сатылып келген

Алматы облысында «BeyazhTrans» ЖШС әкімшілік-аумақтық бірліктің географиялық шекарасын бұза отырып, біріңғай тариф арқылы Алматы облысының екі ауданындағы 9 ауылдық округінің сумен қамтамасыз еткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, екі ауданның халқын сумен қамтамасыз ету үшін әртүрлі су көздері пайдаланылған.

Жамбыл ауданы прокуратурасының қадағалау актісімен Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының түрғындарын сумен жабдықтау тарифы 50%-дан астам мөлшерге, яғни 41,73 теңге/м3-ден 26,23 теңге/м3-ге дейін төмендетілді. Нәтижесінде, Жамбыл ауданы Қарғалы ауылының 30 мыңнан астам тұрғындарының құқықтары қорғалды, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Талғар ауданының прокуратурасымен аудан прокуратурасымен «Талғар Су» ШЖҚ МКК қызметінде белгіленген су тарифінің сақталуына талдау жүргізілді.

Нәтижелері бойынша, Талғар қаласы, Бесқайнар ауылы, Қотырбұлақ, Қызыл-Қайрат ауылдары су тарифінің сметалық құнына «Талғар Су» ШЖҚ МКК теңгерімінде тұрмайтын каналды тазарту бойынша шығыны негізсіз енгізілгені анықталды.

Аталған бұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, нәтижесінде тариф куб үшін 5 теңгеге төмендетілді. 65000 азаматтың құқықтары қорғалды.

Фото: elements.envato.com

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button