Қоғам

Танымал әндердің авторы Арман Қайназаров «БОМЖ» болып кеткен (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Арман Қайназаров есімді жігіттің аянышты халдегі видеосы кең тарады. Өзінің айтуынша, Қызылорда облысынан, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы Massaget.kz сайты жазды.

Сырбойылық ақын Есет Табынбаев фейсбуктегі жеке парақшасында оны танитын жақын-жуық, дос-жарандарға іздеу салды.

Оқи отырыңыз: «Боқтап тастауыма болатын еді»: Баян Алагөзованың кіші қызы ашық-шашық жүре беретінін айтты

«АҚШ-та болса, бірден қару қолданар еді»: Депутат Төреғали Төреәлінің ұсталуына қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

Әңгімесіне қарасаң, өнерден кенде емес, көптеген әннің авторы екен. Басқа емес, Қазалының тумасы. Тағдыр деген сан бұралаңды дүние екенін есейген сайын көріп келеміз ғой. Мына бауыр сол тар жолда тайып кетіпті. «Үйіме баруға ұяламын» деп отыр. Өзін тастап жібергенімен намыс пен арын, бастысы, ұятын тастамапты. Танитын кісілер, ағайын-бауыры болса, қолтығынан сүйеп жіберсе, аяғына тұрып, көптеген әннің авторлық құқығын алса, әжептәуір азамат, тамаша шығармашылық адамы болып та кетер ме еді?!» — деп жазды ол.

Арманның он шақты жыл бұрын орындаған әндері youtube.com желісіне жүктелген екен. Ондағы комментарийлерге қарасақ, тағдырдың соққысынан талантты құтқару керек дегенге саяды.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button