Саясат

Германия Президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәртебелі мейманды Астана әуежайында Премьер-министр Әлихан Смайылов қарсы алды.

Сапар аясында екі мемлекет басшылары Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту мәселелері бойынша келіссөз жүргізіп, оның қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды деп жоспарланған.

Сонымен қатар, Германия Федералды Президенті Қазақстан және Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлеп, Қазақстан Президентімен бірге қазақ-герман бизнес форумына қатысады деп күтіледі.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button