«Иә, әкем істі болған»: Экология министрі отбасы жайлы бар шындықты жайып салды
Экология министрі Зүлфия Сүлейменова әлеуметтік желіде тарап кеткен жаңалыққа түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Бұл туралы Orda.kz жазды.
«Бұл жерде ақпаратты интернетте жарияламас бұрын, екі рет тексерген дұрыс еді.
Мен тараған ақпарат өте көп екенін айттым, ол шындыққа жанаспайды. Әкеме қатысты айтатын болсақ, иә, ол істі болды, соттылығы жойылды, мен бұл фактіні мемлекеттік қызметке кірген кезде жасырмадым, құжаттарда бұл көрсетілген, — деді министр.
Еске сала кетейік, бірқатар БАҚ министрдің әкесі Болат Сүлейменов 2011 жылы «ірі көлемде жасалған ұрлық» бабында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылғаны туралы ақпаратты жариялаған болатын. Болат Сүлейменовке жалпы режимдегі түзеу колониясында жазасын өтей отырып, мүлкі тәркіленіп, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Фото: NUR.KZ/Алена Бутенко