Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германия Президентін қарсы алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Германияның президентін қарсы алды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
«Ақорда» резиденциясында Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайерді салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берген соң, Қазақстан мен Германияның әнұрандары орындалды.
Айта кетсек, Германияның федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. ГФР басшысы Қазақстан мен Германия университеттері ректорларының форумында сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, екі ел президенттері қазақ-герман бизнес форумына қатысады.
Сондай-ақ Франк-Вальтер Штайнмайер сапар аясында Маңғыстау облысына барып, өңірдің экономикалық әлеуетімен танысады.
Фото: Ақорда