Әр түрлі
«Дауыл тұрып, бұршақ жауады»: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады.
Таяу күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады: 22-24 маусымда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 24 маусымда республиканың орталығы мен шығысында қатты жаңбыр жауады, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ синоптиктердің айтуынша, ел аумағында дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел күшейеді.
Ал температура аясында күрт өзгерістер болжанбады.
Фото: kazbusiness.kz