Қоғам
Елімізде жаңа мейрам бекітілуі мүмкін
ИИДМ Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, мерекелер тізімінде тағы бір мереке пайда болады:
Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні – 1 ақпан.
Түсіндірме құжатта бұл мерекені Қазақстан Республикасы азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі ұсынғаны жазылған.
Қаулы жобасы 11 шілдеге дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.
Фото: ашық дереккөз