Қоғам

«Қыз-келіншектер ақша үшін орана бастады»: мүфтият не дейді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти кеңесшісі Дүйсенбай Кенжетай «қыз-келіншектер ақша үшін жаппай хиджаб киеді» деген сөзді жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, бұған дейін тележүргізуші Динара Сәтжан дәстүрлі қазақ исламын жақтайтынын айтып, «блогерлерге оранғаны үшін ақша ұсынылғанын естігенін» жазған еді. «Мені осы нәрсе шошытады» дейді Динара Сәтжан.

Оқи отырыңыз: «Діннен хабары жоқ!»: Хиджаб киген блогер Динара Сәтжанға шүйлікті

«Арапқұл байғұс»: Хиджаб киген оқушыны сыныптастары соңғы қоңырауға қатыстырмай қойған

Осы айтылғанның мән-жайы бүгін ОКҚ алаңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерінен сұралған.

Орамал тарту әйел баласына балиғатқа жеткен парыз. «Орамал тартқызды» дегенді біз естіген жоқпыз. Бұл — жаңсақ пікір. Ол пікірлерді шама келсе таратпауға кеңес береміз, — деді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти кеңесшісі Дүйсенбай Кенжетай.

Тағы оқыңыз: «Иә, біз келісімшартқа отырамыз»: Бойжеткен хиджаб кигендері үшін ақша төленетінін айтты (ВИДЕО)

«Маған қысқа белдемше ыңғайлы»: Баян Алагөзова жаппай оранып кеткен қыздар туралы пікір білдірді

ҚМДБ өкіліне сонымен қатар оқушылардың хиджап киюі жайлы сұрақ қойылды.

Фатуа.кз сайтында бұл мәселе айтылған. Мектеп оқушыларына біз әрдайым айтып келе жатырмыз. Балиғат жасына жеткен деген 15-16 жастан асқан деп айтылады кейбір жерлерде. Хиджап мәселесінде қатты тартыс жоқ деп мен айта аламын. Дегенмен, болашақта бұл мәселе тағы көтеріліп жататын болса, арнайы ҚМДБ-ның пәтуасын, ұстанымын толықтай қарап алуыңызға болады, — деді Дүйсенбай Кенжетай.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button