Қоғам
Талғарда марқұм Шерзат Полаттың үйін өртегендер әлі табылмаған

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Сенат кулуарында Талғарда марқұм Шерзат Полаттың үйін өртеген күдіктілер әлі табылмағанын айтты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Оның айтуынша, Шерзаттың үйін қасақана өртеу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Тілшілер баспананы өртеген күдіктілер әлі табылған жоқ па деп нақтылап сұраған. Бас прокурордың орынбасары ондай мәлімет жоқ екенін айтты.
Әзірге жоқ. Менде бұған қатысты мәлімет жоқ, — деді Әсет Шыңдалиев.
Коллаж: Orda.kz