Qazaq-тың ақшасы

Жетісу облысында бірнеше адам бюджет қаражатын жымқырған

Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікпен құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы, Талдықорған қаласы әкімдігінде жұмыс істеп жүрген екі қызметкері, сондай-ақ техникалық қадағалаудың екі қызметкері ұсталып, Уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті.

Оларға Талдықорған қаласында коттедж қалашығын салу кезінде бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдік келтіріліп отыр.

Жұмыстарды нақты орындамай, олар мердігерге 500 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын төлегені анықталды.

Осы факт бойынша ҚК-нің 189-бабы, 2-тармағының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Осы баптың санкциясы 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды, – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Фото: altgazeta.ru

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button