Саясат

Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

Дәурен Абаев Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Дәурен Абаев бұған дейін де мемлекеттік қызметте түрлі лауазымда болды. Атап айтқанда ҚР-ның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы және кеңесшісі қызметінде, 2016 жылы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі, 2019 жылы Ақпарат және әлеуметтік даму министрі болып тағайындалды. 2020 жылы Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Фото: Ақорда

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button