Оқиға

Қостанай облысында із-түзсіз кеткен әйелдің мәйіті табылды

Қостанай облысының 58 жастағы тұрғыны 30 маусымда үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Іздестіру кезінде күдікті ұсталып, ол аса ауыр қылмыс жасағанын мойындаған және полицейлерге жоғалған әйелдің мәйіті жерленген жерді көрсетіп берген, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Әйел адамның жоғалып кеткені жөнінде полицияға оның ағасы арыз жазған. Оны іздеуге полиция қызметкерлері, Қостанай облысы бойынша ТЖД, ҰҚК Шекара қызметі және еріктілер кіріскен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағаны туралы мойындаған күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ол жоғалған әйелдің мәйітінің жерленген жерін көрсетті, – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері ҚР ҚК-нің 99-бабы – «Кісі өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қостанай облысы, кісі өлімі, қылмысСурет: Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Бұған дейін хабарсыз кеткен әйел ІІ топ мүгедегі екені хабарланған еді.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button