Қоғам

Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі

ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа туған балаларға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірін) беру бойынша пилоттық жобаны іске қосты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын балаға ЖСН ата-анасы туу туралы куәлік алуға өтініш білдіргеннен кейін ғана берілетін. Сол себепті біраз бала ата-аналары мұндай куәлікті алғанға дейін есепке алынбайтын.

Бұрынғы жүйеге сәйкес АХАТ органы алдымен баланың тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, ата-анасының өтініші негізінде туу туралы актілік жазбаны тіркейтін. Сосын ішкі істер органдарымен балаға ЖСН жасалып, кейін ата-анасына туу туралы куәлік берілетін.

Енді АХАТ бөлімі туу туралы медициналық куәлікті алғаннан кейін автоматты түрде баланың туу туралы актілік жазбасын жасайды, оның негізінде баланың ЖСН-ы қалыптасады. Бұл арқылы баланың ата-анасының жеке өтінішінсіз, проактивті форматта (көрсетілетін қызметті берушінің ұсынысы бойынша) бірқатар мемлекеттік қызметтер автоматты түрде көрсетіледі.

Олар:

бала тууға байланысты және бала күтімі бойынша жәрдемақы алу;

жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу;

бала 1,5 жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем.

Сонымен қатар жүйе анасына баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) туралы мәліметтерді беру туралы SMS-хабарлама жібереді (3 жұмыс күні ішінде жауап беру керек). Деректер алынғаннан кейін туу туралы куәлік әзірленеді.

Осылайша, туу туралы куәлік берілгенге дейін балаға ЖСН беру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде дүниеге келген балаларды толыққанды есепке алуға ғана емес, сонымен қатар ата-аналарға баланың тууына байланысты мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button