Оқиға

Қостанайдың қақ ортасынан адам сүйектері табылды

Қостанайда коммуналдық қызметкерлер көшеден адам сүйектерін тауып алған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті полицейлерлер коммуналдық қызметкерлер тапқан адамның бас сүйегін анықтап жатыр.

Полиция департаментінің мәліметінше, 4 шілдеде сағат 14:30-да «ҚЖЭК» МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстары учаскесінде адамның қаңқасын тапқаны туралы хабарлады.

Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button