Әлем
Украинада соғыс басталғалы бері 500 күнде 494 бала өлген
Украинада соғыс басталғалы 494 сәби өліп, кемі 1051 нәресте жараланған, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Азаттық радиосына сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Украина Бас прокуратурасы таратқан. Ведомство мәліметіне қарағанда, Донецк (472), Харьков (297), Киев (129), Херсон (115), Запорожье (91), Николаев (89), Днепропетровск (83), Чернигов (71) және Луганск (67) облыстарында балалар басқа аймақтарға қарағанда көбірек өліп, жараланған.
Бұл — соңғы цифр емес. Ұрыс қимылдары белсенді жүрген аймақтарда жағдай әлі де тексеріліп жатыр, — дейді ведомство.
Фото: psy-files.ru