Әр түрлі

Алдағы күндері күн 43 градусқа дейін ысиды

Қазақстанның азаматтық қорғау органдары жоғары дайындық режиміне көшті. Елде күн 43 градусқа дейін ысып, жаңбыр жаууы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді, найзағай ойнап, бұршақ жауады күшті жел тұрады. Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Бүкіл кезең батыста, 9-10 шілдеде Солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында +43 дейін өте күн қатты ысиды деп күтіледі, – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Фото: Stan.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button