Қоғам
Қазақстан жерін Ресейге беруді ұсынған жезқазғандыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Қазақстан аумағын Ресейге беруді ұсынған азамат Сысоевқа қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Оқи отырыңыз: Жезқазғандық азамат Қазақстан жерін тұтастай Ресейге беруді ұсынды (ВИДЕО)
Облыстық прокуратура мәліметінше, қылмыстық іс ҚК-нің 180-бабының 1-бөлігі бойынша қозғалған (ҚР тұтастығын бұзуға насихаттау немесе жария түрде шақыру-1000-нан 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады).
Тағы оқыңыз: Бизнесмен құрамына Қазақстанды да қосатын Қырғыз қағанатын құруды ұсынды
Фото: видеодан скриншот