Оқиға

«Шіріген иіс шығып жатыр»: Екібастұзда пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Екібастұзда пәтерден ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың мәліметінше, 10 шілде күні сағат 20:04-те 112 пультіне пәтерден шіріген иіс шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен

Бөлімше инспекторы да оқиға орнына келген. Құтқарушылар учаскелік инспектор мен марқұмның туыстарымен бірге екінші қабаттың балконына баспалдақ қойып, пәтерге балконның ашық тұрған есігінен кірген. Сыртқы есікті іштен ашуға тура келді, — делінген хабарламада.

Пәтерге кірген құтқарушылар мен туыстары үйдің бөлмелерінің бірінен ер адамның мәйітін көрген.

Бұл оқиғаға қатысты полицейлер түсінік берген жоқ.

Фото: Sputnik 

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button