Qazaq-тың ақшасы

«Әскери құрылыс» АҚ басшылығы 596 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

«Әскери құрылыс» АҚ басшылығы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Әскери құрылыс» АҚ-ның бұрынғы президенті Е. Тәжиденовтің және басқалардың басшылығымен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. 11 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде туған ағасы мен жиені, сондай-ақ Тәжиденовтің қарамағындағы «Әскери құрылыс» ЖШС мен оның Астана қаласы бойынша филиалының қаржылық және корпоративтік қызметіне жауапты адамдар бар.

Олар тауарлар мен қызметтерді сатып алуға, өтеусіз қаржылық көмек көрсетуге үлестес компаниялармен жалған шарттар жасасу арқылы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Залалдың жалпы сомасы – 596 млн теңге. Оны өтеу мақсатында қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салынды.

Қазір айыпталушылардың ісі сотқа берілді.

Фото: ашық дереккөз

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button