Қоғам
Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов қайтыс болды
73 жасқа қараған шағында атақты қазақстандық футболшы, алматылық «Қайрат» пен КСРО құрамасының аты аңызға айналған қорғаушысы Сейілдә Байшақов қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Жамбылдық футболдың шәкірті кәсіпқой мансабын алматылық «Қайрат» клубында бастап, алғашқы ойынын 1971 жылы Ленинградтың «Зенитіне» қарсы өткізген. Сейілда Икрамұлы ұзақ жыл бойы қазақстандық футбол флагманының капитаны әрі көшбасшысы болды. Кеңес Одағы құрамасы сапында екі ойын өткізген.
«Қайрат» ұлттық құрамасы сапында 300-ге жуық ойын өткізген. Қазақстан футболының мақтанышы соңғы жылдары Республикалық футбол федерациясы мен еліміздің футзал қауымдастығында жауапты қызметтер атқарды.
Фото: kazfootball.kz