Боксшы Бейбіт Шүменов 5 жылға сотталуы мүмкін
Ішкі істер министрлігі елордадағы сауда-ойын-сауық орталығында болған бұзақылық фактісі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Айта кетсек, Астанадағы ірі сауда ойын-сауық орталығының фуд-кортында жанжал болып, қолында баласы бар ер адамға жұдырық ала жүгірген адамның кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов екені анықталған еді.
Оқи отырыңыз: Боксшы Бейбіт Шүменов кішкентай баласын көтеріп алған ер адамды соққыға жыққан (ВИДЕО)
Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, оқиға 18 маусымда болған. Астанадағы «Mega Silk Way» сауда-ойын-сауық орталығындағы кафелердің бірінде қоғамдық тәртіп бұзылып, келушілердің бірі екіншісін ұрып-соққан.
Тағы отырыңыз: Бейбіт Шүменов жұдырықтаған балалы ер адам шетел азаматы болып шықты
«Баламды қорғадым»: Басы дауға қалған Шүменов өз нұсқасын айтты
Қазіргі уақытта осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеу басталды, ол 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Ішкі істер органдары барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатқанын, олардың нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетінін мәлім етті.
Фото: proboxing-fans.com