Әлем

Ер адам сүйіктісін ішімдік ішпегені үшін ұрып-соққан

Қырғызстанда ер адам сүйіктісін соққыға жыққан. Сот ер адамды Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің «азаптау» бабы бойынша кінәлі деп тауып, оған 50 мың сом (252 715 теңге) айыппұл салды. Бұл туралы сот үкімінде айтылған, деп хабарлайды Massaget.kz 24.kg агенттігіне сілтеме жасап. 

36 жастағы ер адам сүйіктісін қызғаныштан ұрып-соққан. Оқиғадан кейінгі келесі күні олар қайтадан кездесті. Ер адам сүйіктісін ішімдік ішуге мәжбүрлей бастаған, ол бас тартқан соң бетінен бірнеше рет ұрған.

Біраз уақыттан кейін айыпталушы жәбірленушінің үйіне келді. Олар ішімдік ішіп отырғанда, ер адам оны тағы да ұрып жіберген. Ош қалалық соты ер адамды 50 мың сом айыппұл төлеуге үкім шығарды. Үкіммен келіспеген жәбірленушінің адвокаты Ош облыстық сотына шағым түсірді. Ол шешімнің күшін жойып, басқа жаза тағайындауды сұрады. Сот отырысында сотталушы бірінші инстанцияның қаулысын күшінде қалдыруды сұрады. Ол өз кінәсін толық мойындап, П.П.-дан кешірім сұрады, — делінген сот үкімінде.

Нәтижесінде Ош облыстық соты бірінші инстанцияның шешімін күшінде қалдырды.

Фото: clubhavana.ru

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button