Әр түрлі
Алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады
Синоптиктер 20-22 шілдеде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.
Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронтал бөліктер ықпал етеді. Соның нәтижесінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және таулы аймақтарда жаңбыр жауады.
Еліміздің батысында солтүстік-батыс антициклон әсерімен 21 шілдеден бастап жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы түнде солтүстік, шығыс және орталық облыстарда 10-18 градусқа дейін төмендейді.
Фото: egemen.kz