Қоғам

Қарағандыда ер адам көшеде әйелмен жыныстық қатынасқа түскен

Қарағандыда куәгерлер жұптың көшеде жыныстық қатынасқа түскенін видеоға түсіріп алған. Облыстық Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Фотода ер адам мен әйел Майқұдықтың төменгі жағындағы шағын саябақта оңаша қалуды ұйғарғанын көруге болады. Тұрғындар жұптың бұл әрекетіне шағымданған. Олар суретті әлеуметтік желіге салып, жағдайға назар аударуды сұрады.

Төменгі Майқұдықтың ауыр мәселесі. Бұл адамдарды не деп атарымды білмеймін. Тапа-тал түсте ұятсыз әрекет жасап жатыр. Айқайлап, қусаң да естімейді. Өз ісін жалғастыра береді. Бұл жерде балабақшамыз бар, ауламыз балаға толы. Бұл адамдармен қалай күресуге болады, – делінген жазбада.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жазбаға қатысты реакция білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, Октябрь аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері заң бұзушыларды анықтады. Ол 36 жастағы Шахтинск қаласының тұрғыны болып шықты.

Ер адамға қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген хабарламада.

Фото: Instagram/@in_da_krg

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button