Спорт

Футболдан 2034 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өте ме?

Қазақстан 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізбейді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айта кетейік, бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізу үшін Өзбекстанмен бірлесіп өтінім беруді ұсынды деген ақпарат тараған болатын. Бұған қатысты Мәдениет және спорт министрлігі пікір білдіріп, Қазақстан 2034 жылғы әлем чемпионатын өткізбейтінін жеткізді.

Мәдениет және спорт министрлігі қазақстандық футболды дамытуға ерекше назар аударады және осы бағытта жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда, Қазақстанда футболдан әлем чемпионатын өткізу туралы мәселе қаралмағанын, тиісінше, чемпионатты өткізу үшін біздің еліміз өтінім беруді жоспарламағанын мәлімдейміз, — делінген хабарламада.

Фото: twitter.com/FIFAWorldCup/

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button