Оқиға

«Бетон толтырып, үстіне сарай тұрғызған»: Шымкент тұрғыны өз ағасын өлтіріп, мәйітін жасырған

Шымкент полицейлері осыдан екі жыл бұрын орын алған кісі өлтіру оқиғасын ашты, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2021 жылы Еңбекші ауданының полиция бөліміне 32 жастағы ұлының жоғалып кеткені туралы жергілікті тұрғын хабарласқан. Әйел ұлының екі апта бұрын үйден шығып кетіп, оралмағанын айтқан.

Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қайда екенін анықтау үшін криминалдық полиция қызметкерлері кешенді шаралар қабылдады. Тәртіп сақшылары оның отбасы мүшелерінен, көршілерінен, достарынан сұхбат алып, жақын маңдағы бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерді. Ер адамның сырт келбетін сипаттайтын бағдарлар қалалық ішкі істер басқармасының барлық бөлімшелеріне, сондай-ақ еліміздің барлық облыстарындағы полиция бөлімдеріне жолданды.

Екі жыл бойы іздестіру жұмыстары нәтижесіз болғанымен, биылғы жылдың басында жедел қызметкерлер осы дерек бойынша ілмек табылды. Кездейсоқ куәгердің жауабына сәйкес, азаматтың жоғалып кетуіне інісінің қатысы бар болған. Қабылданған шаралар нәтижесінде отбасылық жанжал барысында ол туысын басынан арматурамен бірнеше рет ұрып өлтіргені анықталды. Бұл іске оны өгей ағасының мас күйінде анасымен жанжалдасқаны итермелеген. Аса ауыр қылмыстың ізін жасыру үшін қаскүнем мәйітті сырттағы дәретханаға тастап, шұңқырды бетонмен толтырып, үстіне шағын сарай тұрғызған. Күдікті қамауға алынды, — делінген хабарламада.

Күдікті Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Еңбекші аудандық полиция бөлімінің тергеушілері қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады.

Фото: Cowbird.com

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button