Голливуд Қазақстанды «Ресейге фильмдерді заңсыз сатуда» деп айыптап жатыр
Голливуд студиялары Ресейдегі үлкен экрандарға әйгілі фильмдерді көшірмелерін заңсыз сататындарды тапқанын жария етті. Олардың ішінде Қазақстан да бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оларды вотермаркалар арқылы (авторлық құқықты білдіретін белгі) таптық. Прокатшы оны фильмдердің көшірмесін кионжелілерге және кинотеатрларға таратқан кезде қояды, — дейді ірі киножелілердің бірінің топ-менеджері.
Әйгілі «Опенгеймер» және «Барби» фильмдері ТМД-дағы мейджор кеңселерінен шыққан болуы мүмкін.
21 шілдеде дүниежүзі прокатына шыққан Голливудтың сенсациялық новеллалары «Барби» мен «Оппенгеймер» басқа премьералар сияқты жақын арада ресейлік кинотеатрларда көрсетілмейді.
Ресейдің Ведомости ақпарат көзінің мәліметінше, оларды бірнеше айдан кейін, цифрлық шығарылымнан соң онлайн нұсқада көрсетуге болады. Көшірмелердің суреті мен дыбысының сапасы кинотеатрдағыдан айтарлықтай ерекшеленеді.
Фото: дереккөз