Экономика
Қазақстанда пәтер жалдау ақысы тағы да қымбаттап кетті
Қазақстанда тұрғын үйді жалға алу тағы да қымбаттап кетті, деп хабарлайды Krisha.kz.
27 маусым мен 26 шілдені салыстырғанда, 1 айда баға 4,2% өскен. Өсім 13 қаланың 11-де тіркелген.
Тұрғын үйді жалға беру бойынша ұсыныстар бағасына жүргізілген мониторинг нәтижесі мынадай:
Қостанай, Петропавлда – 10%;
Алматы, Шымкентте – 7%;
Ақтауда – 5%;
Ақтөбеде – 4%;
Астана, Қарағанды, Оралда – 3%;
Павлодар, Көкшетаудa 2% артты.
Атырауда баға өзгерген жоқ. Ал Өскеменде 1 пайыз төмендеді.
Сұраныс пен жалдау бағасының өсуі шілденің ортасында басталды.
27 шілдедегі тұрғын үйді жалға алудың орташа бағасы мынадай:
бір бөлмелі пәтер – 124 мың теңге;
екі бөлмелі пәтер – 165 мың теңге;
үш бөлмелі пәтер – 209 мың теңге.
Фото: elements.envato.com