Оқиға

Жетісу облысында жол-көлік апатынан 4 адам қаза болды

Жетісу облысында жол апатынан төр адам қаза болды, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Апат Алматы-Өскемен автожолының 453-шақырымында болды.

Hyundai Veracruz көлігінің 38 жастағы жүргізушісі басып озу маневрін жасау кезінде рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін инерциямен Volkswagen Passat көлігіне соғылған.

Апаттан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы сол жерде көз жұмды. Аталған көлікте болған тағы үш бала түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – делінген мәліметте.

Фото: дереккөз

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button