Экономика

Қазақстанда елге қайтарылған активтерді басқаратын компания құрылады

Елімізде «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» ЖШС құрылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Басқарушы компания мемлекетке қайтарылған активтерді оның атынан меншігіне қабылдау, мемлекет кірісіне айналдырылған активтердің сақталуын және ұсталуын қамтамасыз ету, активтерге билік ету, активтерді өткізуден түскен қаражатты арнаулы мемлекеттік қорға аударуды қамтамасыз ету секілді міндеттерді атқарады.

Жарғы капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылсын. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында, нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу — серіктестіктің негізгі мақсаттары болып айқындалсын. Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің теңгеріміндегі мүлікті беру жолымен қалыптастырылсын, – делінген «Ашық» нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланған Үкімет қаулысында.

Фото: egemen.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button