Аймақ

Алматыда қоғамдық көліктің жолақысы қымбаттады

Алматы мәслихатының VII сессиясында қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүрудің жаңа тарифтері бекітілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жолаушылардың көпшілігі үшін жол жүру құны 20 теңгеге өспек. Яғни, қолма-қол ақшасыз төлеммен 100 теңге және қолма-қол төлеммен 200 теңге мөлшерінде жаңа тарифтер енгізіледі.

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің сөзінше, ағымдағы тариф тасымалдаушылардың шығындарын өтемейді.

«Осыған байланысты әкімдік ай сайын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялар түрінде жабуда. 2020-2022 жылдар кезеңінде төленген субсидиялар сомасы 115,8 млрд. теңгені құрады», — дейді ол.

Әкімдіктегілер қоғамдық көліктегі жол жүру тарифі тасымалдаушылардың шығындары артық болғаннан кейін үнемі қайта қаралуы керектігін атап өтті.

Қолма-қол ақшасыз төлем әдісін қолданатындар үшін жолақысы аздап өседі. «Алматы көлік холдингі» ЖШС деректері бойынша барлық жолаушылар арасынан шамамен 97%-ға жол жүру ақысын «Оңай» карталарымен, оның ішінде «Оңай» қосымшасында QR-код немесе SMS-хабарлама арқылы төлейді. Жалпы, қоғамдық көлікті күніне 1,4 миллионға дейін адам пайдаланады, – деп мәлім етті әкімдік.

Шенеуніктердің тарифтің өсуі жолдардың жай-күйін жақсартуға, автопаркті жаңартуға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.

Фото: tengrinews.kz

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button