Экономика

Еліміздің микроқаржы нарығында не өзгерді?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі биыл 7 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасының № 39 қаулысын қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол пруденциялық нормативтерді ұйымдардың жүзеге асыратын қызметі мен тәуекел-бейініне қарай саралауды көздейді. Атап айтқанда, ломбардтардың өздері үшін де, қаржылай қызметтерді тұтынушылар үшін де кредит тәуекелдері деңгейінің төмен болуына байланысты, Қаулымен ломбардтарға меншікті капиталдың ең төменгі мөлшерін және левередж коэффициентін сақтау жөніндегі талаптар алып тасталды.

Микроқаржы ұйымдарының ШОБ субъектілеріне кредит беруін ынталандыру үшін микроқаржы ұйымының меншікті капиталының жеткіліктілігін есептеу кезінде кәсіпкерлік мақсаттарға арналған кепілмен берілетін микрокредиттерді тәуекел-саралау көрсеткіштері 100%-дан 50%-ға дейін төмендетілді. Сонымен бірге кепілсіз тұтынушылық кредиттеудің өсуін шектеу және микроқаржы ұйымдары үшін халықтың шамадан тыс кредит алу тәуекелдерін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде қысқа мерзімді кепілсіз тұтынушылық микрокредиттерді тәуекел-саралау көрсеткіштері 200%-дан 500%-ға дейін көтерілді, — делінген агенттік хабарламасында.

Қаулы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланып, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Фото: Sputnik/Абзал Калиев

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button