Қоғам

«Сорлы екен»: Желіде қайынжұртына сәлем салған жігіт жұрттың ашуына тиді

Желіде иіле үш рет сәлем салған ер-азамат жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Massaget.kz.

Кадрда көліктен түскен ер-азаматтың қалыңдығын алып кетуге келгендігін көруге болады. Абдырап қалған жігіт қалай сәлем берерін білмей, үш рет иіліп сәлем салған.

Бұл видео әлеуметтік желіде лезде тарап, халықтың екі тарапқа бөлінуіне әкеп соқтырды. Бірі мұндай ырым бар десе, енді бірі бұл не мазақ деп жатты.

«Бұндай салт бізде болмаған»,»Не сұмдық еркекке сәлем салдырып қойған»,»Қой, біздің қазақта мұндай сәлем салу болмаған»,»Баланы алып қашқан ғой қызы»,»Басына орамала сала салмадыңыздар ма?»,»Сорлы екен»,»Жанында тұрған әйелдер мазақ қылып тұр», — деп жазды олар.

Фото: видеодан кадр 

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button