Аймақ

«Құрғақшылық»: Жамбыл облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

АШМ басшысы Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының құрғақшылықтан зардап шеккен аудандарының фермерлерімен кездесті, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz.

Айта кетейік, суармалы жерлердегі су тапшылығы әсіресе Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Талас аудандарында, сондай-ақ Т.Рысқұлов ауданында өткір сезіліп тұр. Алдын ала мәліметтер бойынша, дәнді жүгері көп жерде күйіп кеткен, қант қызылшасы, көкөніс және бақша дақылдары аздап зардап шеккен. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі бүлінген егіс алқаптарын нақтылап жатыр.

Облыста аймақтағы климаттың өзгеруі нәтижесінде Шу және Талас өзендерінің арналарының жеткіліксіз толуына байланысты су тапшылығы орын алып отыр.

Министр ауыл шаруашылығы жерлерін аралап, сондай-ақ аграршылармен қалыптасқан жағдайды талқылады. Ербол Қарашөкеев ведомствоаралық комиссияның жұмысы туралы айтып, аталған мәселенің бар екенін растады

АШМ басшысы қазір өңірлік ауқымдағы ТЖ жариялау және Үкімет резервінен қаражат бөлу есебінен фермерлерге келтірілген залалды өтеу мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті. Бұдан басқа, субсидияларға қажеттілікті жабу және оларды төлеуді жеделдету бойынша жұмыс жүргізілетін болады. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ желісі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің несиелері бойынша борыштарды ұзарту және қайта құрылымдау мәселесі пысықталып жатыр.

Фото: АШМ

Қатысты мақала

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button