Қоғам

Қазақ текті болуы үшін қыздар тек туыс еркекке тиюі керек: Сақалды жігіттің видеосы жұрттың ашуына тиді

Әлеуметтік желіде сақалды жігіті видео жариялап, қазақ қыздары тек туыс ер адамға тұрмысқа шығуы керек екенін, сонда ғана қазақ асыл тұқымды, текті болатынын айтқан, деп хабарлайды Qazaqinfo.kz

Кәсіпкер, атышулы Ахметбек Нұрсила видеоға қатысты өз пікірін білдірген:

Қазақ қыздары тек қана туыс еркекке тию керек, тек сол кезде ғана қазақ текті болады» дейді мына жас жігіт. Ұрпағының осылай адасып, лағып кететін білсе бабаларымыз қалай құса болар еді. Шын мәнінде дінге кірген барлық қазақ осыны қолдайды, қолдауға мәжбүр. Өйткені бұл Мұхаммед пайғамбардан келе жатқан үрдіс. Бірақ бәрі бірдей белгілі уақытқа дейін ол ұстанымдарын ашық айта алмайды, әлі діңкештене қоймаған қазақ қоғамынан қорқақтайды, қарсыластарымызды көбейтіп аламыз ба деп те қорқады. Мен бір рет Мұхамеджан Тазабекпен дастархандас болғанда ол да: «Біздің ауылдың жігіттері 30-ға келгенше, анау менің руласым, мынау менің туысым деп үйленбей жүр. Ақымақтар, пайғамбарымыздан үлгі алмай ма» дегенін өз құлағыммен естіп едім, – деп жазды ол.

Фото: видеодан скриншот

Қатысты мақала

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button